Уәлиханов көшесіндегі МКҚК "Ақбота" бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі Елубекова Гульнара Кабдылсадыковна Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Зере әженің ізімен" атты тәрбиелік іс-шараны әжелермен ұйымдастырып, өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты ұлы Абайдың әжесі Зере бейнесі арқылы ұрпақ тәрбиесіндегі әжелердің рөлін арттыру арқылы балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерді және ұлттық құндылықтарды дәріптеу және А.Құнанбайұлының шығармаларымен таныстыру болып табылды. Іс-шарада балалар шешендік өнерге, тапқырлыққа, мәнерлеп сөйлеуге, өлең жолдарын жатқа айтуға, ұлттық салт-дәстүрлер негізінде қолөнерге баулу мақсатында жұмыстар жүргізілді. Абай өзінің балалық шағын әжесі Зере мен анасының қасында өткізді. Абайдың бойында табылатын барлық жақсы қасиеттер мен өнерге деген құштарлық анасы мен әжесінің тәрбие өнегесінде жатыр. Отбасындағы «әже» тұлғасы-ұлы өнеге бұлағы. Немересін бесік жырымен тербеткен, тұсауын кесіп, ертегі-жырмен сусындатып өсірген Зере әженің жолын тәрбиелік кеште әжелеріміз көрсете білді. Әжелеріміздің рөлін сомдаған тәрбиешілеріміз Қалмағанбетова Арайлым Балтабековна, Рспекова Айгул Карабаевна, Бейсенова Шолпан Муратбековна бесікке салу, тұсау кесу, ат қою рәсімдерін айтып, көрсетті. Қамыр жайып, бауырсақ пісіріп, жүнді түтіп, кілемше жасау жолдарын тәрбиеленушілерге көрсетіп, мағлұмат берді. Тәрбиеленушілерімізде өздері бауырсақты кесу, қалай ыстық отта пісіру, жүнді түту, кілемшенің оюын құру жұмыстарын өздері қолмен ұстап, көзбен көріп жасады. Абай атамыз артына ойлы да, мәнді өлеңдерімен бірге қара сөздерімен де өшпестей із қалдырған. «Ботақан» тобының тәрбиеленушілері Шоқан Уәлихан, Оразақын Айзада, «Ересек» тобынан Арыстанова Айзере, Сабыр Айсұлтан, Балғужа Әмина, «Балдырған» тобының тәрбиеленушілері Аушахманов Алинур, Никодимова София Абай атамыздың қара сөздерін, жыл мезгілдеріне байланысты тақпақтарын нақышына келтіре жатқа орындап, мерекенің шырайын кіргізді. Гүлнар Кабдылсадыковнаның ұйымдастырған тәрбиелік іс-шараны қазақ халқының ауызша шығармашылығымен, ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрмен байланыстырып өткізді. Ұлы Абайдың шығармасын мәңгілік елмен бірге жасасатын құнды мұра екенін осындай игілікті, тәлім болатын дүниелерден көруге болатынын байқауға болады.