Текст
Мектепалды "Қошақан " тобында "Математика негіздері" іс әрекетінде "2 саны мен цифры" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. ҰІӘ-ің мақсаты бойынша балаларды екі санымен таныстыру және оны жазу үлгілерімен таныстырып, 2 цифры туралы мағлұмат алды, осы санға байланысты есеп-тапсырмалар орындады. "Кірпі" ойынын ойнады. Кірпіге "2" санын және екі алманы жапсырды. Балалар берілген тапсырманы жақсы орындап шықты. Олар бірінші екі санын бастыра отырып жазып шықты, содан кейін дәптермен жұмыс жасады. Сергіту сәті жасалды. ҰІӘ-тің қорытынды бөлімінде "Күшікті тамақтандыр" дидактикалық ойынын ойнады.