Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Балбөбек» санаторлық аралас тобында балалармен "Жапсыру" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті "Бұйра қой" тақырыбында өткізілді. Мақсаты төрт түлікпен таныстыру арқылы үй жануары қой туралы білімдерін кеңейту болды. Мақтаны пайдалана отырып, домалақтау арқылы қойдың жүнін жасау техникасын үйренді. Шығармашылық жұмысты жасай отырып, қой мен қозының үй жануары екенін, оларға қамқор болу керек екені айтылды. шығармашылық жұмыс жасау барысы балаларға қызықты болды. Мақтаны түте отырып, қойдың денесіне желім арқылы жапсырды. Балалар үй жануарларының пайдасы туралы мағлұматтар алды.