Текст
Бүгін ересек “Еркетай” тобында “Қош келдің Жаңа жыл 2024” ертеңгілігі өтті. Аяз атаның жоғалған сыйлығын түлкі мен аю табыстап, балаларға таратты. Мерекелік кешімізге Киндер, ескі жыл қоян және жаңа жыл ұлу да келді. Балалар шыршаны айнала “Кішкентай шырша”, “Орманда шырша туыпты” және “Шырша жыры” әнін айтып, “Сиқырлы қағаз” ойынын ойнап, “Аққала жасаймыз” сергіту ойынын да ойнап, би билеп , тақпақтарын айтты. Аяз атаға өз өнерлерін көрсетіп, сыйлықтарын алды. “Еркетай” тобы “Ақбота бөбекжайының”ұжымын және барша Қазақстандықтарды Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды.