Текст
"Нұрсәуле" тобының бүлдіршіндері тәрбиеші апайдың жетекшілігімен "Шалқан" ертегісін тыңдады. "Шалқан" ертегісінің мазмұнын еске түсіре отырып, түрлі-түсті заттардың арасынан сары түсті заттарды табуға тырысты. Балалардың қандай жануар не жейтіні, ит-сүйек, тышқан-ірімшік, мысық -сүт ішетіні туралы түсініктерін нақтылады.