«Ақбота» бөбекжайында музыка жетекшісі Шайкенова Асемгуль Серғалиқызының ұйымдастыруымен мектепалды «Қошақан», «Құлыншақ» топтарының арасында «Жеті лақ» ертегісінің желісі бойынша өрт қауіпсіздігіне байланысты «Оттан сақ болайық» атты музыкалық іс-шара өткізілді. Ертегіде жауыз қасқыр келсе, осы жолы лақтарға жалындаған өрт келеді. Лақтар анасына берген уәделерін ұмытып, отпен ойнамақшы болып, абайсызда өрт шығып,барлық жерді лаулап алады. Қыз балалар өрт болып, « Жалын» биін орындады. Келген Ешкі ана отты көріп, өрт сөндірушілерді шақырады. Ұл балалар өрт сөндірушілер болып өртті өшіреді. Анасы лақтарына отпен ойнауға болмайтынын түсіндіреді. Балалармен сергіту сәті кезеңінде «Құтқарушылар» ойыны ойнатылды. Оттың пайдасы және қауіпті екені туралы сұрақ-жауап жүргізілді. Барлық сұрақтарға балалар нақты дұрыс жауап бере алды. Балалар ертегіге қызығушылық танытып, белсене қатысты.