Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Күншуақ» тобында «Өрттен сақ болайық!» атты іс-шара өтті. Балаларға өрт туралы түсінік берілді. Өрттің тілсіз жау екендігі, өрттен сақтану жолдары айтылды. Өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтындарын көрсете отырып, осы мамандыққа деген құрмет сезімдерін күшейту жұмысында өрт сөндіруші мамандыығ туралы айтылды. Іс-шарада балаларға жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, әдепті және байыпты сөйлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа үлкеннің айтқанын тыңдай білуге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді.