Текст
Ұрпақ тәрбиесіндегі басты ұстаным- тәрбиелеудің ұлттық жолдарын саралап, айқындап бала бойына сіңіре білу. Осы орайда мектепалды "Қошақан " тобында тәрбиеші Уалиева Ризагуль Сагандыковнаның жетекшілігімен құрастыру іс - әрекеті барысында балаларды киіз үйдің құрылымымен таныстырып, қағаздан құрастырып, жапсырды. "Киіз үйде не бар?"атты ойнында фонарик арқылы киіз үйдегі ұлттық бұйымдар, тағам, аспаптарды көріп,атады. Балаларға бұл ойын өте қызықты болды. Роботышқанды бағдарламалау арқылы киіз үйде көрген бұйымдарды тауып, өздері құрастырған киіз үйлеріне қойып жапсырды. Бұл ойындар арқылы балалардың танымдық- шығармашылық дағдылары дамиды әрі коммунакативтік қабілеттері артады.