Хабарландыру. Құрметті ата-аналар! "Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № А-7/249 қаулысына өзгерістер енгізілуіне байланысты "Ақбота" бөбекжайының әкімшілігі мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған МКҚК "Ақбота" бөбекжайында келесі жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды толық көлемде өтеу мақсатында аталған жекелеген санаттар бойынша құжаттар қабылдайтыны хабарлайды: 1) жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) мүгедектігі бар балаларға;
3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
4) көп балалы отбасылардан шыққан балаларға.". Ұсынылатын құжаттар тізімі: 1) белгіленген нысандағы өтініш. 2) осы жекелеген санаттарды растайтын құжаттар