Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының "Көбелек" ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен психолог Мукажанова Алия Амангелдиевна "Шеңбер бойындағы доп" ойынын өткізді. Бұл ойынның мақсаты шыдамсыз, импульсивті балаларды өзін - өзі ұстауға үйрету болып табылды. Ойын шарты бойынша допты түсіріп алған немесе уақытында тоқтата алмаған балалар ойыннан шығып отырады. Балаларға бұл ойын жақсы ұнады. Осындай ойындарды ойната отырып, психолог әр баланың мінез-құлқының ерекшеліктерін бағдарлай алады.