Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепалды "Қошақан " тобында "Мамандықтың бәрі жақсы " тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті

28.02.2024

Мектепалды "Қошақан " тобында тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаның жетекшілігімен "Мамандықтың бәрі жақсы " тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс әрекеті өтті. Іс әрекеттің міндеті балаларды мамандық иелерімен таныстыру, олардың қызметтері жайында айтып беру болды. Тақырыпты сиқырлы сумен бастады.  Су астындағы мамандық иелерін балалар атап берді. Сюжетті-рөлді "Шаштараз", "Емхана", "Өрт  сөндіруші" ойындарын балалар дамытушы орталықтарға барып, ойнады.   "Сәйкесін тап" ойынында балалар сурет пен сөзді сәйкестендіріп, буынға бөліп атап, мамандық иелері туралы жаттаған тақпақтарын айтып берді. Луллий шеңберлерімен мамандық иелеріне тиісті  құралдарымен сәйкестендіріп, ұйымдастырылған іс-әрекетті қорытындылап, бекітті. Мақал - мәтелдерді ребус арқылы оқып, айтып берді. Іс - әрекетке балалар өте белсене қатысты.

Просмотров: 357


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст