Текст
Тәрбиеші Г.А.Уразбекованың жетекшілігімен кіші "Күншуақ" тобында "Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту арқылы түстермен таныстыру, ажырата білуге үйрету" атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Іс-әрекет "Бауырсақ" ертегісі желісімен өтті. Бауырсақты құтқару үшін ертегі кейіпкерлерінің берген тапсырмаларын балалар орындап шықты. Бүлдіршіндер тапсырмаларды тез және оңай орындады. Берілген тапсырмалар тек ұсақ қол моторикасын дамытып ғана қоймай, сонымен қатар түстермен таныстырып, оларды ажыратуға үйретті. Соңында Бауырсақ алғысын айтып кішкентай тәрбиеленушілерімізге сыйлығын ұсынды.