Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайында Шолпан Муратбековнаның жетекшілігімен "Сиқырлы саусақтар" үйірмесінде сурет салудан балалармен ашық ұйымдастырылған іс-әрекет болып өтті. Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты бойынша балалардың үй жануарлары туралы түсінігі кеңейеді, қарындашпен сызып, сурет салып, мысықтың арқасындағы жолақты бояуға жаттығып үйренеді және де үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиеленеді. Шолпан Мурабековна өткізген іс-әрекетінде жоспарлаған мақсаттары толық орындалды. Балаларға ұйқыдағы мысықты суретін салған ұнады. Саусақ нейро жаттығуын жасап, соңында "Мысық пен тышқан" ойынында шапшаңдыққа тәрбиеледі.