Текст
Мектепалды "Қошақан" тобында 8-наурыз мерекесіне орай "Аналар өмір шуағы" атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілік балалардың әсем биімен басталып, әрі қарай "Ана деп ән салам" әнімен жалғасты. Мерекеге арнап жаттаған тақпақтарын айтып, балалармен, аналармен көңілді ойындар ойнатылды. Аналарына арнап "Мақта қыз бен мысық " ертегісін сомдап, сахналық қойылымын көрсетті. Балалар ертеңгілікте билерін билеп, тамаша әндерін айтып, аналарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.