Текст
19 наурыз – Жаңару күні. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады.
Жаңару күніне «Ақбота» бөбекжайында санаторлық аралас тобында «Қош келдің Наурыз » атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына қонақ болып, Ризабеков Амирхан баламыздың атасы мен әжесі келді. Балаларға қазақтың салт-дәстүрінің бірі – «Бесікке салу» салтын әжеміз көрсетіп, баяндап берді. Атамыз баршамызды мерекемен құттықтап батасын берді. Әжеміз өзінің дайындаған Наурыз көжесімен таныстырып, балаларға дәмін көріп, ауыз тиді.