Текст
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз,-деп, ересек “Балдырған”тобы тәрбиеленушілерімен Наурыз мейрамына арналған “Жаңару күніне” орай тақырыптық тәрбие сағаты өтті. Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Айрықша мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған. Сондықтан 19 наурыз – Жаңару күні.
Тақырыптық тәрбие сағатында балаларға Наурыз жыл басы, Ұлыстың ұлы күні, қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екені айтылып, түсіндірілді. Балалармен ұлттық “Ақсерек-көксерек” ойыны ойналды. Балалар жайдары, жақсы көңіл-күйге бөленді.