Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“20 наурыз - Ұлттық спорт ойындары күні”

20.03.2024

Наурыз – көктем мерекесі, жыл басы. Ұлыстың ұлы күні – күн мен түн теңеліп, жер көкке жан бітіп, тоң жібитін сәт. Сондықтан қазақ халқы бұл мейрамда қазақтың ұлттық ойындарын ойнаған. Наурызнаманың онкүндігінің жетінші күні, яғни  “20 наурыз -  Ұлттық спорт ойындары күні”. Осы орайда мерекелік іс-шара аясында “Ақбота” бөбекжайының кіші, ортаңғы және ересек тобы балалары арасында "Сақина салу", "Асық ату", "Қыз қуу", "Теңге алу", "Тақия тастамақ", "Арқан тарту", "Аударыспақ", "Қол күрес" атты ұлттық ойындары ойналды. Ұлттық спорт ойын түрлері — рухты көтеретін ойындар. Ежелден келе жатқан салт-дәстүр мен ойын түрлерін ұлықтап, болашақта балаларға үлгі еткеніміз жөн.

Просмотров: 161


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст