Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының кіші "Балапан" тобының тәрбиешілері Ибраева С.М мен Накенова А.М-ның ұйымдастыруымен
14 ші наурыз Көрісу күніне балалармен бірге тақырыптық сағат өтті. Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Адам мен адамның, жыл мен жылдың қауышқан күні туралы балалармен әңгімелер айтылды.
Халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрі, бірімізді- біріміз сыйласу, амандасу,
қол алысу, төс қағыстырып амандасу сияқты әңгімелер жүргізілді.
Халқымыздың қонақжайлығы дәстүрлі тағамдарымен таныстырып,
қызығушылықпен тақырыптық іс-шара аяқталды.