Текст
Амал күні қазағым көріседі,
Көрісу, бұл көненің жемісі еді.
"Жасын құтты болсын!" -деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал қол беріседі, - демекші, бүгінгі 14 - наурыз Көрісу- амал күні мектепалды "Қошақан" тобы ата - аналары мен балалары құшақ жая амандасып, бір - біріне жылы лебіздерін білдірді. Бөбекжайдағы кіші, ортаңғы, ересек тобы балаларымен амандасып, құттықтап шықты.