Текст
мал күні қазағым көріседі,
Көрісу, бұл – көненің желісі еді.
"Жасың құтты болсын!" деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал қол беріседі.
Көріседі – "Көңілдер жібісін" деп,
Көріседі – "Тасысын ырысың!" деп.
Көріседі – "Көк мұз да жылысын" деп,
Көріседі – "Оң болсын Ұлысың!" деп.
Көріседі – қайғы-мұң кетіруге,
Көріседі – қайтадан жетілуге.
Алты ай қыстан арыған жанын демеп,
Көріседі – бел буып, бекінуге.
Ортаңғы "Көбелек " тобы Сіздерді Амал мерекесімен құттықтайды!