Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

кіші «Балапан» тобының балаларымен «Асық ойыны-ұлттық қазынамыз» өздік жұмысы барысында ойын іс-әрекеті

17.04.2024

МКҚК «Ақбота»  бөбекжайының кіші  «Балапан»  тобының  балаларымен «Асық ойыны-ұлттық қазынамыз»    өздік жұмысы барысында ойын іс-әрекеті өткізілді.   Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Сая Мукановна баланың жас ерекшелігіне байланысты асық ойынының бала өміріндегі маңыздылығы ойын іс-әрекеттерімен байланысты екенін өзінің өздік жұмысында көрсетіп отырады.  «Не өзгерді?»   ойыны арқылы балалардың зейінін, танымдылығын дамытуға болады.  «Түстерді сәйкестендір» ойынына шаршы пішінін  қолдану арқылы,  осы түске сәйкес асықтарды топтастырды. 

Просмотров: 188


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст