«Тәрбие-білім беру процесінің сабақтастығы бойынша мектеп-балабақшаның өзара іс-қимылы» тақырыбы бойынша айлықтың жұмыс жоспары негізінде "Ақбота" бөбекжайында бүгін бастауыш сынып мұғалімдері бөбекжайдағы, мектепалды топтың ата-аналары білім беру қызметіне тікелей қатысуы ұйымдастырылып, ашық есік күні өткізді. Ашық есік күнінде № 7 мектеп-лицейі, №9 мектеп-гимназиясының бастауыш мұғалімдері, мектепалды сынып тәрбиешілері, ата-аналар қатысып, «Балалармен өткізген бір күн» тақырыбында семинар бағдарламасы бойынша "Қошақан", "Құлыншақ" мектепалды топтардың ұйымдастырылған іс-әрекеттерімен танысты. №7 мектеп-лицейі, №9 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық «Балалармен өткізген бір күн» атты семинар-практикумда тәрбиешілер Қалмағанбетова Арайлым Балтабековна, Уалиева Ризагул Сагандыковна, Каскырбаева Жұлдыз Жүгериевна «Баланың ойын әрекетіндегі жан-жақты дамуы» атты шебер-сыныптарын ұйымдастырылған іс-әрекет арқылы көрсетіп, өз тәжірибелерін ортаға салды. Қатысқан ата-аналар өз балаларының күнделікті бөбекжайдағы әрекетін көрді, тамашалады. Калмаганбетова А.Б өзінің "Робоәлем" авторлық бағдарламасы бойынша тәрбиеленушілердің робототехникамен жұмысын, "Робоәлем" вариативтік бағдарламаның жүргізілуін көрсетіп өтті."Қошақан", "Құлыншақ" тобының тәрбиеленушілері "Робо тышқан" мен "Бонтли" роботтарының тапсырмаларын орындап, ата-аналарға, мұғалімдерге өз білімдерін көрсетті. Музыка жетекшісі Шайкенова Асемгүл Сергалиевна мектепалды топ балаларымен "До, ре ми" ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Ұйымдастырылған іс-әрекетте балалар ноталар туралы ақпаратпен танысып, сергіту сәтінде қимылды әуенмен жаттығулар жасап, артикуляциялық және тыныс алу жаттығуларын жасап, ән шырқап, "Тыңшы" қимылды ойынын қызығушылықпен ойнады. №7 мектеп-лицейі, №9 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық «Балалармен өткізген бір күн» атты семинар-практикумның соңында бөбекжай психологы Мукажанова Алия Амангельдиновна келген қонақтарға пішіндерді таңдату арқылы, психологиялық мінездеме берді. "Алақан жылуы" тренингте қонақтар өз тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Бөбекжайда № 7 мектеп-лицейі, №9 мектеп-гимназиясының бастауыш мұғалімдері, мектепалды сынып тәрбиешілері, ата-аналар қатысқан, «Балалармен өткізген бір күн» тақырыбында семинар-практикум өз жұмысын ойдағыдай аяқтады.