Текст
Мектепалды "Қошақан" тобының тәрбиешісі Уалиева Ризагуль Сагандыковнаның жетекшілігімен балалармен "топтау" әдісін қолдану арқылы математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. "Топтау" әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөліп, тапсырмалар берілді. Бірінші топ АКТ технологиясын қолданып есептер шығарса, екінші топқа "Кірпіге алма жинап бер" ойыны арқылы санға байланысты алмаларды жапсырды, ал үшінші топтағы балалар суреттерегі заттарды санап, санмен сәйкестендіру тапсырмасын орындады.