Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дайындық: бөбекжай-отбасы-мектеп» атты бөбекжайішілік ата-аналар жиналысы

22.04.2024

МКҚК "Ақбота" бөбекжайында  «Мектепке дайындық: бөбекжай-отбасы-мектеп» атты бөбекжайішілік ата-аналар жиналысына мектеп алды топ тәрбиеленушілерінің ата-аналары және №7 мектеп-лицей, №9  мектептің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. 1 сыныпқа баратын ата-аналарды әдістемелік және психологиялық қолдау қажеттігі, ата-аналардың қобалжуы өте орынды себебі бала мектепке қандай дайындықпен нені біліп баруы керек осының барлығы ата-аналарды толғандыратын мәселелер.  бойынша ата-аналардың жан-жақты хабардар болуы әлі де жеткіліксіз болғандықтан,  ата-аналардың өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап беретін пайдалы ақпараттарды алуға үнемі уақытының болмауына байланысты ата-аналар жиналысына мектеп мұғалімдерін қатыстырып, өткіздік.    Ата-аналар жиналысының мақсаты  болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына мектепке дайындық туралы кеңес, баланың мектепте оқуға дайындығы бойынша ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету болып табылды. №7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Бекбулатова Ләззат Өтежановна, №9 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Оразалинова Аманғайша Дюсенбаевна өз тараптарынан мектепке келетін балаға қандай дайындық керектігін әте жақсы түсінідіріп, берді. Ата-аналар өздерінің баланың мектепке дайындығы туралы ойында жүрген сауалдарға жауап ала алды. Бөбекжай психологы Мукажанова Алия Амангелдіқызы "Ата-ана баланы мектепке беруге дайын ба?", "Күлкімен өткен әрбір күн жарық" атты атты психологиялық тренингтерін ата-ана, мұғалім арасында өткізді.  Бөбекжай әдіскері ата-аналарға Бірінші сыныпқа қабылдау бойынша құжаттарды тапсыру жаднамасын таратып, таныстырып берді.       

Просмотров: 132


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст