"Ақбота" бөбекжайының мектепалды тәрбиешілері Калмаганбетова А.Б, Уалиева Р.С, Қасқырбаева Ж.Ж және бөбекжай әдіскері Бекенова М.Д №7 мектеп-лицейі ұйымдастырған мектепке дайындық тобының балаларын дайындау бойынша балабақша мен бастауыш мектептің ынтымақтастығы аясында "Баланы мектеп ортасына дағдыландыру үрдісінің ерекшелігі" атты семинарға қатысты. Семинар барысында мектепалды сынып тәрбиешілері Б.Амангельдинова, Ә.Мухамеджанова, бастауыш мектептің 1 сынып мұғалімі М.Байсакалова өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Аягөз Хамитовна баламен оның миын дамытуға көмектесу үшін қандай ойындарды ойнау керектігін психологиялық тренингте көрсетіп,ойнатты. Жетпісбаева Бақытжан Қаратаевна "Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту" шебер сағатын көрсете отырып, мұғалімдерді аттесттаттаудың критерилері туралы айтып өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері Қ.Уваисова "Баланы мектеп ортасына дағдыландыру үрдісінің ерекшелігі" туралы баяндама оқып, Қ.Тайтлеуова рефлексия жұмыстарын жүргізді. Мектепке дайындық тобының балаларын дайындау бойынша балабақша мен бастауыш мектептің ынтымақтастығы аясында "Баланы мектеп ортасына дағдыландыру үрдісінің ерекшелігі" атты семинарда баланың жан-жақты дамуына, мектепке бейімделуіне екі жақты да қосар үлесі мол, әрдайым екі жақты көмек қажет деп қорытындыладық. Осы семинарды ұйымдастырған Гулдарай Аутаевнаға және №7 мектеп-лицейіне рахметімізді айтамыз.