Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының кіші "Нұрсәуле" тобының тәрбиешісі Рахматулина А.С «Бiрлiгi жарасқан-Қазақстан» атты тақырыптық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау болып табылды. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.