Текст
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде 1 Мымыр мерекесі тойланады. Осы орайда ересек “Балдырған” тобы балаларына “Бір шаңырақ астында” атты тақырыптық тәрбие сағаты өткізілді. Тақырыптық тәрбие сағатының мақсаты өзге ұлт өкілдері туралы түсініктерін кеңейте отырып, балалардың достық, мейірімділік сезімдерін тәрбиелеу арқылыбалалардың бойына халқымыздың ұлттық өнерін меңгерту, өзге де ұлт өкілдерін танып білуге уйрету болып табылды