Текст
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған қазіргі мол тәжірибе этнос аралық проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесіне енуде. МКҚК "Ақбота" бөбекжайында "Бірлігіміз жарасқан" атты 1- Мамыр халықаралық бірлік күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өткізілді. Барлық топтар Қазақстан елінде тұратын ұлттарға бөлініп, ұлттық киімдерін киіп өнерлерін көрсетті.