Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайында "Балбөбек " санаторлық тобы балаларымен 1 мамыр мерекесіне орай "Достығымыз жарасқан" атты тәрбие сағаты өтті . Мақсаты балаларға елімізде тұратын әр ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы жайлы түсінік беріп, әрқашанда бір - бірімен дос, тату болуға тәрбиелеу болып табылды. Балалар суреттен өздері білетін әр ұлттарды көрсетіп, атады. " Көрші " ойынын ойнап, доспыз деп бір - бірін құшақтады. Қонақжайылық көрсетіп, қазақтың ұлттық тағамын дәріптеді.