Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайында "Мен бақытты ата-анамын" тақырыбында "Жас ата-аналар мектебі" жұмыс жоспары бойынша бөбекжайдың жас ата-аналары жиналысы өтті. Жиналыс аясында жұмыс жоспарға тақырыптық кездесулер, экскурсиялар, ата-аналармен бірге қызықты, пайдалы шеберлік сағаттары және т. б. іс-шаралар бекітілді. Жиналыста бөбекжай педагог психологі Мукажанова Алия Амангельдиевна танысу ойынын ұйымдастырып, сұрақ -жауап арқылы сөздерді байланыстыру топтық ойын өткізілді. Жиналыстың соңында ата-аналар іздерді басып өту арқылы, балаларға тілек айту ойыны сәтті болды.