Бақшамызда бүгін ұзақ ойнайық,
Балаларды қорғау күнін тойлайық.
Алақай-ау , алақай!
Той тойлайық, балақай!
Тақпақ айтып, кезектесіп, бір -бірлеп,
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп!
Алақай-ау , алақай!
Ән шырқайық , балақай!
Ұғып сөзін тәрбиеші апаның,
Гүл жайнаймыз аясында Отанның!
Алақай-ау, алақай!
Гүл жайнайық, балақай!
Жыл он екі айдың жадыраған жаз айы да келіп жетті.
1 маусым Балаларды қорғау күні-ең алғашқы халықаралық мерекелердің бірі. Бұл күн –балалардың шулы да көңілді мерекесі ғана емес ,сондай-ақ балалардың құқығын есіне салатын,иманды да әділетті, қоғамның қалыптасуына жағдай туғызатын мереке. Осы мерекеге орай, Луначарский көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында «1 маусым Балаларды қорғау күні» атты әдеби-сазды ойын –сауық ұйымдастырылды. Балаларды таңертең мультфильм кейіпкерлері бөбекжай алдынан қарсы алып, мерекелерімен құттықтады.