МКҚК «Ақбота» бөбекжайы барлық балаларды бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайды. Жаздың алғашқы күнінде осындай керемет мереке бар. Бала бақытты, қауіпсіз ортада өсіп жетілуіне мемлекетте, қоғамда, отбасы да барлық мүмкіндік жасауда. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар? Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес» деген. Әр отбасына сазды әуен сыңғырлап, жарқы күлкі естіле берсін деген тілектеміз. Көздеріңіздің ағы мен қарасы, көңілдеріңіздің шуағы, отбасымыздың қуанышы, өміріміздің мәні мен бақыты бүлдіршіндеріңіздің бүгінгі меркелері құтты болсын!. Балапандарымыз аман-есен болып, саналы ұрпақ болып өссін. Бүгінгі күні балаларды таңғы қабылдауда музыкалық әуенмен қарсы алып, таңғы жаттығуларды жасап, би биледі. МКҚК «Ақбота» бөбекжайында осы мерекеге орай «Бақытты балалық шақ!» ертеңгілігі өтті. Бұл ертеңгілікте балалар ойын ойнап, би билеп, шат-шадыман болды. Ертеңгілік қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізілді. Балалар өте керемет, жақсы әсер алды. Осы ертеңгілікті ұйымдастырып, өткізген музыка жетекшісі Жалманбетова Р.Т мен ағылшын пәнінің мұғалімі Жабагина А.Г. алғысымыз шексіз.