Қазіргі уақытта балабақша мен мектептің сабақтастығы бойынша жұмыс ерекше өзектілікке ие.
Осы мақсатпен 14-мамыр күні "Знайки" мектепалды тобының тәрбиеленушілері О. Гроссовамен, К. Артемьевамен және педагог-психолог Е.Ботянмен бірге №8 мектеп-гимназиясына экскурсияға барды. Балалардың алдында таңғажайып мектеп өмірінің жаңа әлемі ашылды, оның ұзын дәліздері, жарқын жайлы сыныптары бар. Бастауыш сынып мұғалімі Уаисова Н. Ж. балалармен мектеп бойынша қызықты экскурсия өткізді. Нұргүл Жақсылыковна мектеп өмірімен, сабақтары, туралы айтып берді.Балалар сұрақтарға жауап беріп және өз сұрақтарын қойып , оқу стендтерін қызығушылықпен қарады. Одан кейін балаларға асхана, спорт залы көрсетілді. Мектеп кітапханасында балалар кітаптары бар биік сөрелерге таң қалды. "Кітаптардың өмірі" туралы пайдалы ақпарат алды.
Экскурсия өте қызықты және тартымды болды. Балалар болашақ мектеп туралы көптеген жағымды әсер алды.
Қуанышты көңіл-күймен біз бөбекжайымызға оралдық.