Текст
Табиғат тіршіліктің құт — берекесі. Табиғат тіршілік иесінің ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы. "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы бойынша Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайы қаламыздағы қарттар үйіне гүл отырғызу, абаттандыру жұмысын қолға алып, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының маманымен, яғни Дарья Владимировнамен хабарласып, келісіп, апталық жұмыс барысын жоспарладық. Аталған игі шараға бөбекжайдың мамандары ұжым атынан қарттар үйінің аумағына гүл көшеттерін отырғызып, абаттандыру жұмысына атсалысты. Біздің өтінішімізді аяқ асты етпей, келіскен @kmm_burabay әкімшілігіне рахмет айтамыз.