Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Консультациялық пункттің жұмысы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған, сондай-ақ балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата-аналарға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Ашық есік күні"

23.05.2024

"Ақбота" бөбекжайында консультациялық пункттің жұмысы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған, сондай-ақ балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата-аналарға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Ашық есік күні" өткізілді. Бұл күні келген балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата-аналарға (заңды өкілдеріне) әдіскер, медбике, психолог мамандары консультациялық көмек көрсете отырып, ата-аналардың бала өміріне қатысты сұрақтарына жауап бере алды. Психолог Мукажанова Алия Амангельдиевна баланың бөбекжайға бейімделу процесі жайлы, бала мен ата-ананың қарым-қатынасы жайлы айтып, түсіндіріп өтті. Бөбекжай медбикесі Жаканова Дана Советбековна балалардың күн тәртібі және баланың дұрыс тамақтануын дұрыс ұйымдастыруға және бөбекжайға баланы медициналық тексерістен қалай өтіп, келетіні жайлы әңгімелеп берді. Бөбекжай әдіскері Бекенова Меруерт Джексенбековна ата-аналарды отбасында туындайтын мәселелердің алдын алу бағытында педагогикалық мәдениетін қалыптастыру жайлы, бала тәрбиесі отбасында ортақ жүргізілетіні, отбасы жағдайындағы тәрбие туралы айтып өтті. Келген  балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата-аналарға бөбекжай ішіне  экскурция жүргізілді. Топтардағы тәрбиеші апайлардың, тәрбиеленушілердің  ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көрді, тамашалады. Бөбекжай хатшысы бөбекжайдағы бос орын жайлы және қабылдау тәртібімен қысқаша таныстырып өтті. Кейбір ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымға кезекке тіркелуге көмек көрсетті. Консультациялық пункттің жұмысы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған, сондай-ақ балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата-аналарға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Ашық есік күні"  қарқынды өтті.

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст