Текст
Жасыл желек – жанға сая. Табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борыштарының бірі саналады. "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының "Жасыл аймақ" апталық жұмысы әлі де жалғасын табуда. МКҚК "Ақбота" бөбекжайының ортаңғы топ "Ботақан" тобының ата-аналары, тәрбиеші апайларының жетекшілігімен бөбекжай ауласындағы өз учаскелеріне көгалдандыру жұмысын жүргізді. Қолдау көрсеткен үшін ата-аналарға рахметімізді айтамыз