Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруда, ел тәуелсіздігін нығайтуда мемлекеттік рәміздердің алар орны ерекше. Қысқасы, Отан мен мемлекеттік рәміздер - егіз ұғым. Осы екі егіз ұғым әр азаматтың жадында жүрер болса, онда олардың рухы да асқақ болмақ. Ал рухы мықты елдің алар асулары әрқашанда жоғары болатыны сөзсіз. Осы рәміздердің түп-төркінінде ұлттық рухты көтеру, ізгілікті арттыру, әр адамның кеудесіне отанға деген іңкәрлік сезімді ұялату жатқаны анық. Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін, тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады. Мемлекеттік рәміздер еліміз үшін, мемлекет үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат ардақ тұту қажет. Рәміздер біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айқын бейнесі. Рәміздердің әрқайсысының шығу тарихы бар. Бұл Қазақстанның қаншама ғасырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздігін алғандығын паш ететін киелі қазына. Сондықтан Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз қажет. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнің тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы», дегені уақыттың қатаң талабы. "Ақбота" бөбекжайында музыка жетекшісінің ұйымдастыруымен мектепалды, ересек топтармен "Рәміздерім-мақтанышым" атты тақырыптық сағатты өткізді. Тақырыпты сағатта Рәміздерге толық тоқталып, Гимнді шырқады. Тақырыптық сағат соңында топта туды салып, бояп шығармашылық жұмыстарды жасады.