МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Қарлығаш» тобында
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» атты ойын-сауық өтті.
Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, бiздiң міндетімiз.
Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу.
Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке,баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізгі-балаларға барлық жағдай жасау тағы да паш етілді.
Балаларға күтпеген жерден тосын сый болды, қонаққа үлкен Аю келді.
«Аю» кейіпкері балалармен әр түрлі ойындар ойнап, өз сыйлықтарын әкеліп сыйлады. Мереке өте тамаша және қызықты болды.