Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

санаторлық "Балбөбек" тобының тәрбиешісі Бейсенова Шолпан Муратбековнаның жетекшілігімен "Жазда келді, көңілді" апталық жұмыс жоспары бойынша "Сүйкімді кірпі", "Менің ағзамның қорғаушысы", "Пайдалы және зиянды" тағамдар жайлы балалармен әңгімелесті

20.06.2024

"Ақбота" бөбекжайында санаторлық "Балбөбек" тобының тәрбиешісі Бейсенова Шолпан Муратбековнаның жетекшілігімен "Жазда келді, көңілді" апталық жұмыс жоспары бойынша "Сүйкімді кірпі", "Менің ағзамның қорғаушысы", "Пайдалы және зиянды" тағамдар жайлы балалармен әңгімелесіп, көркем шығарма оқылып, бейне роликтер көрсетілді. Балалар "Сүйкімді кірпі" ойыннын ойнады. Мақсаты: Пайдалы тағамдар жеуге баулу. Ойын шарты: Тақтаға кірпінің суреті ілінеді. Тәрбиеші кірпі қандай пайдалы тағамдар жейді? - екен, біліп алайық. Мысалы: алманың суретін көрсетіп, мынау не? Пайдалы ма, әлде зиян ба? Балалар атын атап, пайдалы - деп айтып, бастарын изейді. Егер зиян болса, бастарын шайқайды. Тәрбиеші  тексеріп көрейік деп, біреуіне алманы кірпінің арқасына жапсыр дейді. Пайдалы болса кірпінің арқасына жабысады. Егер зиян болса жерге құлап қалады, оны қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша ойын жалғаса береді. Балалармен  бірігіп "Зиянды тағамдар" плакатын жасау ұсынылды. Плакаттағы тағамдардың бәрі денсаулыққа, ағзамызға зиян екенін түсіндіріп, жемеуге кеңес берілді. Дүкенге барғанда зиянды тағамдарды алмауға, қызықпауға тәрбиелеп, ата- аналарының ақылын тыңдауға шақырды. 

Просмотров: 149


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст