Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Табиғат құбылыстары туралы мүсіндеуден іс-әрекет

21.06.2024

"Ақбота"бөбекжайының кіші "Нұрсәуле тобының тәрбиешілері Рахматулина А.С, Нығмат А "Алақай, жаз келді" жазғы-сауықтыру перспективалық жоспарының "Жазда келді, көңілді" апталығы бойынша тәрбиеленушілермен  табиғат құбылыстары туралы ұғымдарды пысықтау ретінде мүсіндеуден іс-әрекетті ойын түрінде өткізді.. Мақсаты балалар табиғат туралы ұғымды түсіндіру арқылы  ой - өрісін, шығармашылығын, қиял қиялдау қабілеттерін, ұсақ қол қимылдарын дамыту  болып табылды. Қонаққа келген Аю кейіпкерімен ойын ойнады. Айдана Нағашыбайқызы сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат - Анадан мейірімділікті үйренеміз! Күн, су, ауа-бізге қажетті табиғаттың бөлшегі. Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат - сұлулықтың таусылмас көзі,-деп балаларға тылсым табиғаттың жыл мезгілдеріне тоқталып, айтып өтті. Балалар шығармашылық жұмыста ермексаздан Күнді жасады.

Просмотров: 212


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст