Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ересек "Еркетай", "Балдырған" топтарының арасында "Күн, су, ауа " атты ойын сауық іс- шарасы

21.06.2024

Күн күлімдеп нұр төкті бізге жолдап ,
Күн,ауа,су біздің достарымыз 
Жауын бізге нұрын септі бізге сыйлап.
Ауамен терең дем алып,
Кел айтайық қосылып,
Күн, ауа, су біздің достарымыз,- деп ересек "Еркетай", "Балдырған" топтарының арасында "Күн, су, ауа " атты ойын сауық іс- шарасы өткізілді. Балаларға интерактивті тақта арқылы  ауа, күн, судың маңызы туралы , су тіршілік көзі екендігі және оның пайдасы туралы мультфильм көрсетілді.  Ауа туралы білімдерін кеңейтті және күннің жылуы мен жарық беретіндігін білді. "Әуе шарлары" ойынын ойнау  барысында балалар ауаны шар үрлеу арқылы ауа бар екендігін түсінді. "Күннің шуақтары " шығармашылық топтық жұмыс жасады . Түтікшелермен суды үрлеп, көпіршіктер шығарды және "Судағы қайықтар" ойыны ойнады. Балаларға ойындар көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс- шара соңында балалар "Көңілді күн" атты жаттығуын жасады . Барлық балалар белсене қатысып отырды

Просмотров: 203


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст