МКҚК «Ақбота» бөбекжайында "Қош келдің, жарқын жаз" жазғы сауықтыру кезеңінің "Денсаулық аптасы" апталық жұмыс жоспары бойынша кіші “Күншуақ”, “Нұрсәле” «Балапан» тобының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Денсаулық” күніне арналған спорттық ойын-сауық өткізілді. Ойын-сауықтың мақсаты спорттық ойын-сауық арқылы балаларды салауатты өмір салтына баулу, дене жаттығулары, ойын тапсырмалары арқылы дене қасиеттерін дамыту, сондай-ақ ептілік, төзімділік, қозғалыстарды спортқа, дене шынықтыруға деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылды. Топ тәрбиеленушілері үш командаға бөлінді: “Жалын”, “Қыран”, “Жұлдыз”. Топ басшылары өз ұрандарын айтып, көңілді спорттық жарыс басталды. Музыкалық жаттығулармен бірге “Бәйге”, “Өту”, “Диірмен” ойындары ойналды. Музыкалық жаттығу “Буги-буги” биін билеген балапандар бір сергіп қалды. “Жеуге жарамды, жеуге болмайды”, “Арқан тарту”, “Сабын көпшіктері” ойындары ойнатылды. Көңілді спорттық ойын-сауық мерекесі көңілді өтіп, спорттық жарыс достықпен нәтижеленді.