"Ақбота" бөбекжайындағы ортаңғы "Көбелек" тобының тәрбиешісі Мукажанова Асель Амангельдиевна “Алақай, жайдарлы жаз келді!” жазғы сауықтыру кезеңінің "Гүлденген табиғат" апталығындағы " "Сумен шынығудың пайдасы" туралы тақырыптық сағат өткізді. Сумен шынығу балалардың бойында шыдамдылықты дамытып, түрлі аурулардың алдын алады, балалар денсаулығына сумен шынығу өте пайдалы. Серуенге шыққан кезде топ балаларымен су бетіне салынатын сурет өнерін ғажайып құбылысты салып үйрендік. Топ балалары әр түрлі бояуды қолдана отырып, су тамшыларын ақ қағаз бетіне көшіріп алуға болатынын үйренуге тырысты. Далада отырып, шығармашылық жұмыс жасау балаларға ұнады. Ұйқыға жатар алдында балалар аяқтарын жуу процесімен қатар, массажды кілемшелерде күнделікті жүруді қолға алды. Балалардың бүгінгі көңіл-күйлері өте қуанышты болды.