МКҚК "Ақбота" бөбекжайында "Алақай, жаз келді!" жазғы сауықтыру жұмысын іске асыруға орай ұйымдастырылған "Балбөбек" санаторлық топтың ата-аналарымен "Бақытты отбасы" атты спорттық іс-шара өтті. Спорттық іс-шараның мақсаты бөбекжай мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеп, отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлауға және салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиеле болып табылды. Спорттық іс-шараға белсене қатысқаны үшін ата-аналары мен балалар мадақтамамен марапатталды. Топта балалармен "Бақытты отбасы" тақырыбында суреттер бойынша мейірімділік, сүйіспеншілік, татулық сезімдері жайлы әңгімелесу жүргізілді. Балалар "Тату-тәтті отбасы" сюжеттік-рөлді ойындар ойнады. Балаларға рөлге кіріп ойнау қызықты. Осындай ойындар әрі бір- бірімен тату болуға үйретеді.