Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының ортаңғы "Ботақан" тобында "Сумен шынығудың пайдасы" туралы тақырыптық тәрбие сағатын өткізілді. Тәрбиеші балаларға судың қасиеті жайлы, пайдасы туралы ой- өрістерін кеңейтіп, қызықты мағлұмат берді. Балалар судың пайдасы арқылы күнделікті беті-қолын жуып, тазалық гигиенасы сақталатынын айтып өтті.
Судың пайдасын айта отырып, аяқ бұлшық еттері арқылы балаларға допты бір-біріне жерге түсірмей беретін ойынды ойнадық. Балаларға судағы допты келесі балаға аяқпен алып, беру ойыны балаларға қатты ұнады. Ойыннан кейін судың өзгеру процесін бақылады. Суға әртүрлі бояуды араластыра отырып, судағы өзгерісті қызыға бақылады.
.