Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Балапан» тобының тәрбиешілері ұйымдастыруымен “Қош келдің, жарқын жаз!” жазғы сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспары бойынша “Менің отбасым” апталығында “Отбасы” тақырыбында суреттерді қолданып, отбасындағы қарым-қатынас, үлкендерді сыйлау туралы әңгіме жүргізілді. Серуен уақытында балалар шөптердің түсін, жапырақтағы жәндіктерді бақылады. «Көңілді доп» қимылды ойын әрекеті ұйымдастырылды. Балаларға ойын басында мақсаты мен шарты түсіндіріліп, қимылды ойынды балалар серуен кезінде ашық алаңда ойнады. Еңбек әрекетінде балалар Қуыршақты киіндіріп, тамақтандырды. Бүгінгі күннің сауықтыру шараларының іс-әрекеті балалар көңілінен шықты.