Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Балапан» тобының тәрбиешісі Ибраева С.М ұйымдастыруымен “Қош келдің жарқын жаз!” жазғы сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспары бойынша “Отбасы” апталығында “Менің отбасым, менің бақытым” тақырыбында отбасы қарым-қатынасы ,аналармен балалардың арасындағы қарым -қатынасты нығайту мақсатында аналарды шақырып, тақырыптық сағатты өткізді. Осы тақырыптық сағатқа қатысқан анамыз дәстүрлі емес сурет салу әдісімен "Күннің шуағы" тақырыбында шанышқыны пайдалана отырып, баласымен, яғни топ тәрбиеленушілерімен сурет салды. Тақырыптық іс-әрекет барысы ана мен балалардың көңілінен шықты.