Текст
“Балдырған” және “Көбелек” тобының балаларымен тәрбиешілерінің жетекшілігімен “Алақай, жайдарлы жаз келді” жазғы-сауықтыру кезеңінің “Жазғы сайыстар” апталығында “Жас спортшылар” атты тақырыпта ұлттық ойындар “Көкпар, “Арқан тарту”, “Ақсерек, көксерек” және спорттық эстафеталық “Допты нысанға лақтыру” ойыны ұйымдастырылды. Балалар өздерінің сүйікті ойындарын қызыға ойнады. Спорттық және ұлттық ойындардың мақсаты балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға баулу арқылы ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, ұлттық ойын түрлерін үйренуге бағыттау болып табылады.