ІІ ортаңғы «Қошақан»
тобында «Шығармашылық» саладан «Музыка» бөлімі бойынша «Көңілді саяхатшылар»
тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін саз жетекші Исенова Сымбат
Төлеуғалиқызы өткізді. Балалар көңілді
әуенмен музыка залына кірді. Күйсандық аспабының сүйемелдеуімен амандасты.
Қоршаған орта туралы әңгімелеп, мамандықтарға ауысты. Мамандықтар туралы слайд
арқылы көрсетіп, атап өтті. Саяхатшы мамандығына тоқталып, ұйымдастырылған оқу
қызметтің тақырыбын ашты. Мульфильмдегі Дарамен саяхатқа шығатындарын айтып,
Дараның тапсырмаларын орындады. Экранда Дараның тапсырмалары дауысталып шығып
тұрды.
1. Шаттық шеңберін жасау.
2. Музыкалық ырғақты қимылдар жасау: балалар шеңберге тұрып,
қолды белге қойып, оңға-солға қарай қазақ биінің қимылын жасады.
3. Ән тыңдау «Әжем».
4. Ән үйрену «Ана жайлы ән үйрену». Ән үйренбес бұрын,
артикуляциялық жаттығулар жасады.
5. Би билеп беру.
6. Тосын сый аялдамасындағы сыйлықтарды Түлкі ұрлап кетіпті.
Балалар Дарадан көмек сұрап, сиқыршы сөзді дарадан үйренді. Дара үйреткен
сиқыршы сөзді айтып, Түлкі сыйлықтарын қайтарып берді. Оқу қызметін қорытып,
музыка әуенімен қоштасады. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар жақсы,
белсенді қатысты. Саз жетекші Исенова Сымбат Төлеуғалиқызы өткізген «Қошақан»
тобындағы ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өте жақсы деңгейде өткізілді.