«Ақбота» бөбекжайының
ұжымы аудандық Мәдениет үйінде өткен өзара
мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Ақмола жұлдыздары» атты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру
аясында Қазақстан Республикасының Елордасы-Астана қаласының 20 жылдығына
арналған «Ақмола жұлдыздары» аудандық көркемөнерпаз халық шығармашылығы
байқауына қатысты.
Өзіңсің,
Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында,-
деп, Дюсенбек
Дария, Байцер Анжелика, Болат Аружан
(II-кіші «Ботақан» тобы), Жанұзақова Кәусар, (I-ортаңғы «Еркетай»),Тұрсынбай
Айкөркем II-кіші «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушілері жетекшісі Құдайбергенова Бақыт
Мұқатаевнаның жетекшілігімен шығып, үш тілде тақпақ айтты. Екінші болып, «Қоңыр»
тобы Еркін Ернар, Каскенов Даниял, Хамзин Данияр II-ортаңғы
«Қошақан» тобының тәрбиеленушілері «Гүл жайнаған Астана» әнін шырқады. «Ақбота»
бөбекжайы ұжымының қыздары, яғни «Шалқыма» би тобы «Көк бай рақ» биін әдемі биледі. ІІ-кіші «Ботақан»
тобының тәрбиеленушісі Темірғали Дастан «Егемен ел-Қазақстан» әнін шырқап,
«Айгөлек» би тобының ( Шевченко
Эмилия (I-ортаңғы «Еркетай» тобы), Бауыржан Ботажан, Қайролла
Адия, Жұмат Аймерей, Талғатқызы Нұрсая,
(III- ортаңғы «Қошақан» тобы), Каримова
Дария (III- ортаңғы «Балдырған»
тобы) қыздары «Шашу» биін билеп шықты. Бөбекжайымыздың саз жетекшілері Исенова
Сымбат Төлеуғалиқызы, Жалманбетова Райхан Темирбулатовна , хареограф Камалиева
Асемгул Сергалиевнаның орындауында «Елімнің жүрегі-Астана» әнімен
қорытындылады.
Жерұйық іздеп мен әлемді
кезбеймін,
Қазыналы даламда өнермен
өрлеймін.
Халқымның сенімін
төзіммен арқалап,
Туған жер төріңде бақ
құсын тербеймін.
Сен үшін соғады дүрсілдеп жүрегім,
Сен үшін армандап, тілектер тіледім.
Жатсам да, тұрсам да қайталап айтамын,
Бұл менің, бұл менің Қазақстаным!,-деп, бөбекжай ұжымы осындай нөмірлермен
халық алдында өз өнерлерін көрсетті. Байқауға қатысқан ұжым, тәрбиеленушілер
диплом, мадақтамалармен марапатталды. Осы байқаудың ережесі бойынша көрме
ұйымдастырылып, біздің бөбекжайдың ата-аналары, тәрбиеленушілер, тәрбиеші
Нурмуханолва Д.Р, педагог-психолог Галеева Кунтай Амиргалиевналар диплом,
мадақтамамен марапатталды.